Ақмола облысында ешкі сүтін өндіретін жаңа ферма ашылып, қуаттылығын арттырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Зеренді" тұқымдық шаруа қожалығы ешкі сүтін өндіруге бағытталған. Кәсіпорында жылына 4000 тонналық сауу залы мен сүт зауыты бар. Жоба ЖШС-ның өз қаражатына жүзеге асырылып жатыр.
Шаруа қожалығында Голландиядан жеткізілген 300 тұқымдық ешкі бар. Алғашқы өнімді 2017 жылдың наурыз айының соңында шығару жоспарланған.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, кәсіпорында сүт, ірімшік, йогурт, ет, тері сынды өнімдер дайындалады. Ешкі басын 5000-ға жеткізу жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу