Ақмола облысындағы қарулы қақтығысқа қатысқан 15 адам ұсталды

680

Олар Көкшетау және Қарағанды қалаларының тұрғындарын екені анықталды.

Ақмола облысындағы қарулы қақтығысқа қатысқан 15 адам ұсталды

Ақмола облысында болған қарулы қақтығысқа қатысқан 15 адам ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

28 маусымда Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлеріне "Қарасай тас жолы" айналма жолы бойындағы автодромда қаруланған бір топ адам жиналғаны туралы хабар жеткен. Оқиға орнына Криминалдық полиция басқармасының, арнайы мақсаттағы бөлімшенің, жедел-тергеу тобының қызметкерлері шұғыл келген.

"Алдын ала тергеу барысында қақтығысқа қатысқандар анықталды: 15 адам, Көкшетау және Қарағанды қалаларының тұрғындары, 22 жастан 40 жасқа дейін. Оқиға орнынан Tranfoglio және Стражник травматикалық тапаншалары, патрондары, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Сараптама тағайындалды", – деп жазады ақпарат көзі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу