Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Красный кордон ауылының атауы Аққайың деп өзгертілуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.
"Ақмола облысы Бурабай ауданының Красный кордон ауылы Ақмола облысы Бурабай ауданының Аққайың ауылы деп қайта аталсын. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.
Аталмыш жобаны жария талқылау 23 қарашаға дейін деп жазылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу