Ақмола облысындағы Ольгинка ауылында карантин жарияланды

1639

Елдімекеннің 5 тұрғыны түйнеме жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. 

Ақмола облысындағы Ольгинка ауылында карантин жарияланды

Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Ольгинка ауылында сібір жарасына күдікпен карантин жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business.

Елдімекеннің 5 тұрғыны түйнеме жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылды. Науқастардың жағдайы тұрақты. Ауылда зерттеулер әлі де жалғасуда. Толық нәтиже бүгін-ертең белгілі болуға тиіс.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, Ольгинка ауылының барлық малы сібір жарасына қарсы сәуір айында егіліпті. Ал жарияланған карантин қыркүйектің бірінші онкүндігінде алынып, мал мен өнімді тасымалдауға тек 15 күннен соң рұқсат етіледі.

Еске сала кетсек, аталмыш індет Ольгинка ауылында соңғы рет 1998 жылы шыққан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу