Ақмола облысындағы зауыт ЭКСПО нысандарын жеделсатымен қамтамасыз ететін болады

878

Ақмола облысындағы зауыт ЭКСПО нысандарын жеделсатымен қамтамасыз ететін болады

Ақмола облысындағы жаңа лифт зауытында жұмыс ширай түсті, деп хабарлайды 24Хабар.

Қазақстанда теңдесі жоқ өндіріс ошағы былтырдан бері эскалатор және лифт шығарумен айналысып келеді. Қазір зауыт негізінен ЕХРО-2017 көрмесінің нысандарын қамтамасыз етіп отыр. Одан бөлек, жеке тапсырыстар бойынша да жұмыс істейді. Бұл ғимаратта бұрын Қосшы ауылының ескі жылу қазандығы орналасқан екен. Осыдан 2 жыл бұрын жергілікті кәсіпкер оны қалыпқа келтіріп, Қазақстандағы алғашқы лифт зауытын іске қосты. Қазір мұнда 50 адам еңбек етіп жүр. Олардың көбісі техникалық оқу орындарын тәмамдаған жас мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу