Облыс жолдарындағы жағдай туралы Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ақмола облысында 40 бақылау-өткізу бекеті орнатылған, онда 228 жүк көлігі мен 25 жолаушы көлігі жинақталған. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлерінің алдын алу жұмыстарының арқасында соңғы 6 сағаттың өзінде бақылау-өткізу бекеттеріндегі көліктер саны 186 жүк көлігіне және 593 жеңіл көлікке азайды", – деп хабарлады ведомстводан.
Өңірде Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылды. Жылыту пункттерінде ыстық тамақпен қамтылған 148 адам бар. Бақылау бекеттерінде қалған жүргізушілер мен жолаушыларға да ыстық тамақ беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында 1 400-ден астам адамның жабық жолда қалғаны хабарланған болатын. Щучинск өткізу бекетінде 500-ге жуық көлік жиналып қалған.
Қарлы боранға байланысты Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарындағы тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді.