Құтқарушылар, полиция және жергілікті атқарушы органдар бір түннің ішінде Ақмола облысындағы тас жолдардан 200-ден астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Ақмола облысында 11 наурызда күндіз және 12 наурызға қараған түні күшті қарлы боран соққан. Өткізу бекеттерінде жиналған 400-ден астам көлік боран туралы SMS хабарламаларды елемей жолға шығып, трассада қалды.
"Бар болғаны бір түннің ішінде құтқарушылар облыстың тас жолдарынан жылу пункттеріне 247 адамды эвакуациялады, оның ішінде 96 бала бар. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен эвакуация пункттерінде ыстық тамақ ұйымдастырылды. Бурабай, Шортанды, Аршалы аудандарында құтқару жұмыстары жүргізілді", – деп хабарлады құтқарушылар.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті, жолдардың жабылғаны туралы хабарламаны келгеннен кейін өңір тұрғындарына аталған бағыттар бойынша жолға шықпау керектігін еске салды.
"Жолдардың жабылуы туралы ақпаратты Darmen қосымшасын жүктеп алу немесе 1403 телефоны арқылы білуге болады", – деп жазылған хабарламада.