Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданының орталығы саналатын Балкашин ауылы ауызсудан ажырап қалды, деп хабарлайды аудан әкімі Асылбек Есмағамбетов.
Әкімнің айтуынша, ауызсудың тоқтауына су стансасындағы насос пен су алатын скважинаның ағын судың астында қалуы себеп болған.
Кеше аудан орталығының жанынан өтетін Жабай өзені арнасынан асып, 300-ге жуық үйді су басқан болатын. Балкашин ауылында жалпы 4,5 мың халық тұрады. Қазір жергілікті билік өкілдері тұрғындарға ауызсуды Көкшетау қаласынан тасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу