Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ермек Боранбайұлы Маржықпаевты Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.
"Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып тағайындалсын", – делінген Ақорданың сайтында жарияланған құжатта.
Ал бұған дейін Ақмоланың әкімі қызметін атқарып келген Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
"Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын, ол Ақмола облысының әкімі қызметінен босатылсын", – делінген елбасы Жарлығында.