Ақмола облысының әкімі Бурабайдағы қымбат демалыс орындары туралы сұраққа жауап берді

Биыл Щучье-Бурабай ұлттық саябағының аумағында от жағуға болатын барбекю алаңдары орнатылатынын айтты.

Ақмола облысының әкімі Бурабайдағы қымбат демалыс орындары туралы сұраққа жауап берді Фото: ortcom.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы демалыс бағасы мәселесіне қатысты пікір білдірді, сонымен қатар өңірдің туристік маусымға дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Әкімнің айтуынша, Щучье-Бурабай курорттық аймағында әртүрлі баға санатындағы нысандар бар.

"Бағаларға келетін болсақ, бұл қазірдің өзінде ерекше "мемге" айналды: Бурабайға барғаннан гөрі, Түркияға барған дұрыс, деп жатады ел арасында. Бірақ Rixos пен Windam Garden халықаралық қонақүйлер екені түсінікті. Әрине, онда бағалар жоғары. Бірақ бізде 10 000 теңгеден, 30 000 теңгелік екі адамға арналған үйлерден бастап кез келген сегментке арналған демалыс орындары бар. Бұл бәсекелестік орта. Бағаны нарық анықтайды", – деді Ермек Маржықпаев. 

Сонымен бірге ол Ақмола облысындағы демалыс орындарына тұрғындар көптеп келетінін атап өтті. Жергілікті билік инфрақұрылымды үнемі жетілдіріп отырады.

"Бұрын бір маусымда 300-400 мыңға дейін адам жиналса, бүгін саны млн-нан асты. Биыл 1 млн 200 мың турист келеді деп күтілуде. Жұмыс тобын құрдық. Щучинск- Бцрабай курорттық аймағы – ҚР ӨДП ұлттық саябағы. Біз көптеген сындарлы жұмыстарды жолға қойдық. Мұқият дайындалып жатырмыз. Жергілікті атқарушы орган ретінде қоқыс таситын көліктерді де сатып алдық, контейнер алаңдарын көбейттік. 100-ден астам жәшік сатып алдық. Сонымен қатар, ауылды ретке келтіріп жатырмыз. Жол төсемі тағы бар. Мамыр-маусым айларында жол саласындағы барлық жұмыстарды аяқтауға тырысып жатырмыз. Үлкен жұмыстар жүргізілуде", – деді өңір басшысы. 

Бұл ретте аймақ басшысы туристерге үндеу жасады. Ол келушілерді табиғат аясында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.  

"Туристерге айтарым: жиналған жер емес, қоқыс тастамайтын жер таза болады. Бұрын қоқысты күніне 3 рет жинайтын болсақ, бүгінде күніне 6 рет тазалаймыз. Қоқыс бір жерден келмейді, оны туристер тастап кетеді. Біздің жұмысшылар тұрғындардан жағымсыз сөздер естуге мәжбүр. Блогосфера өте белсенді: әркім қайда, не көргенін көрсетеді", – деді өңір әкімі.

Бұл ретте ол биылғы жылы ұлттық саябақ аумағында от жағуға болатын барбекю алаңдары орнатылатынын айтты.

"Бәрімізді де туристік маусым алаңдатады. Біз дайындалып жатырмыз. Ұлттық саябақта да қызу дайындық жүріп жатыр. Ұлттық саябақ аумағында барбекю алаңдары орнатылады, онда тіпті от жағуға болады. Жағдайды бақылауда ұстаймыз. Өткен жылы өрттің 30%-ға жуығы дер кезінде байқалды, түтіннің қай жерде шыққанын көретін жүйе орнатылды", – деп қорытындылады Ермек Маржықпаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу