Ақмола облысының әкімі Бурабайдың ЭКСПО-ға дайындығын тексерді

948

Ақмола облысының әкімі Бурабайдың ЭКСПО-ға дайындығын тексерді

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин "Щуче-Бурабай" курорттық аймағының "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрменің қонақтары мен қатысушыларын қабылдауға дайындығын тексерді, деп жазады strategy2050.kz.

Сонымен, әкімдіктің мәліметі бойынша аймақ басшысы Абылайхан алаңын, орталық базар мен халықтың жаппай демалу алаңдарын аралады. Сапарының нәтижесі бойынша, М. Мырзалин бірқатар ескертулер беріп, абаттандыру жұмыстары мен санитарлық қауіпсіздік мәселесін қысқа уақытта шешуді тапсырды.

"Елорда маңында орналасқан аймақ ретінде ақмолалықтар халықаралық көрменің ұйымдастыруы мен өткізу жұмыстарына белсінді қатысу керек. Біз шетілдік қонақтарды лайықты қарсы алып, жоғары деңгейдегі қызмет көрсету сервисін ұсынуымыз қажет", - деп баса айтты М. Мырзалин.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысы туристерді қабылдау үшін 7 турпакет жасақтады, олар Щуче-Бурабай курорттық аймағы мен "Қорғалжын" қорығын қамтитын 30-дан астам бағыт құрды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу