Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов су басқан мектепке барды

564

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов кеше еріген су басқан қалалық жалпы білім беретін мектепке барды.  

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов су басқан мектепке барды Фото: gov.kz

Қазір Көкшетау қаласындағы №22 мектепті судан тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Жұмылдырылған күштер мен құралдар еріген суды сору жұмыстарын жедел жүргізді. Мектеп материалдық тұрғыдан зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта мектептің жертөлесі қанағаттанарлық жағдайда. Көкшетау қаласының әкімдігі мектеп ауласы мен сыртында су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Нысанды қарап шыққаннан кейін өңір басшысы су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылауды күшейтуді тапсырды. Аудандар мен қалалардың әкімдеріне барлық мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандарды аралап шығу жүктелді.

Сондай-ақ, елді мекендерден қар шығару, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді, арықтар мен каналдарды тазарту бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Биыл 20 наурыздан бастап облыстың жергілікті атқарушы органдарының барлық деңгейлерінде су тасқынына қарсы штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу