Ақмола облысының әкімі өңірдегі аудандардың бірінде неліктен төтенше жағдай жарияланғанын түсіндірді

Ермек Маржықпаев бұл мәселе бүгінде облыс үшін ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Ақмола облысының әкімі өңірдегі аудандардың бірінде неліктен төтенше жағдай жарияланғанын түсіндірді Фото: el.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Егіндікөл ауданындағы сумен қамту жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Әкім бұл мәселе бүгінде облыс үшін ең өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.

"Бізде бұл су құбыры өтетін үш аудан бар: Егіндікөл, Қорғалжын және Атбасар ауданының бір бөлігі. Бұл топтық Нұра су құбырының ұзындығы еліміздегі ең ұзын су құбырларының бірі - 373 шақырымға жуық. Тозу деңгейі 80-85%", – деді Ермек Маржықпаев. 

Бұл ретте ол нысанның Энергетика министрлігі Су ресурстары комитетінің балансында екенін түсіндірді. 

"Олармен байланысып жатырмыз. Комитетпен жобалық-сметалық құжаттаманының әзірлігін жылдамдатамыз. Жыл соңына дейін аяқталса, келесі жылы мемлекет жобалық-сметалық құжаттамаға қолдау көрсетеді деп ойлаймын", – деді Ермек Маржықпаев. 

Әкім Егіндікөл ауданында қазір су тапшылығына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланғанын еске салды.

"Бүгін біз әсіресе апатты аймақтарды тез арада жөндеп, халықты сумен қамтамасыз ету үшін төтенше жағдай жариялап отырмыз. Суды жақсы ұйымдастыру үшін былтыр күзде су тасығыш сатып алдық. Қазір тағы бір су тасымалдағыш алып жатырмыз. Жаңа экскаватор сатып алдық, мұнара тұрғызылды. Экология министрлігінің Су ресурстары комитетімен бірлесіп, мәселені шешіп жатырмыз", –деді әкім. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу