Ақмола облысының Астрахан ауданында төтенше жағдай жарияланды

241

Бұл Көкшетау қаласынан бөлек, облыста төтенше жағдай жарияланып отырған 5-ші аудан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысының Астрахан ауданында төтенше жағдай жарияланды Фото: видеодан алынған скрин

"Құрметті Астрахан ауданының тұрғындары! Колутон, Аршалы және Боқсық өзендердегі судың деңгейі күрт көтерілуіне және ауылдардағы үйлерді су басуына байланысты Астрахан ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және ТЖБ органдары тарапынан су басқан аумақтардан халықты, мал мен мүлікті эвакуациялау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. №6 агротехникалық колледже, Старый Колутон орта мектебінде, сондай-ақ, №3 Жалтыр орта мектебінде эвакуацияланған тұрғындарға орналастырылды. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға келтірілген залал комиссия тексергеннен кейін өтелетін болады", - делінген аудан әкім Талғат Ерсейітовтың аудан тұрғындарға жолдаған үндеуінде.

Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде, аудан әкімдігі жанынан су тасқынына қарсы штаб ұйымдастырылып, жұмыс істеуде. Су тасқынына байланысты кез келген ақпаратты 5-11-01 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу