Ақмола облысының басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен алтыншы шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының тоғызыншы сессиясы өтіп, онда 30 мәселе қаралды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Сессия барысында өңірдің негізгі әлеуметтік-маңызды тапсырмаларын шешуге 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау жөніндегі бірқатар құжат мақұлданды. Сөйтіп қайта қаралған бюджет параметрі мен жыл басында қордаланған қалдық қаражат теңгерімі 2016-2017 жылғы жылу беру маусымын уақтылы аяқтау мен жаңа жылу беру маусымына сәйкесінше дайындықты қамту үшін жоданатын болды.
Сондай-ақ жаңа бюджетте әлеуметтік сала, тұрғын үй құрылысы, инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу мен қайта тұрғызу жөніндегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға да қаражат қарастырылды. Оған қоса салалық министрліктерге жобаларды әрі қарай жүзеге асыру үшін уақтылы жолдау бойынша, жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау іс-шаралары қарастырылды.
Одан өзге әлеуметтік сала құрылымдары мен құқық қорғау органдарының қоғамдық тәртіпті қамтуын дамытуға да көп көңіл бөлінді. Енді арнайы бөлінген қаражат есебінен жөндеу жұмысы жүргізіліп, осы салалар материалдық техникалық тұрғыдан жабдықталады.
Кездесу барысында өңір басшысы өзіне сенім білдірген депутаттарға алғысын айтты.
"Жақында елбасымыз Ақмола облысына сапары барысында облыс активінің алдына ауыл шаруашылығы секторын одан әрі дамыту, индустрия мен туризм саласын, шағын және орта бизнесті жандандыруға қатысты бірқатар міндет қойған еді. Бұл тапсырмаларды уақтылы орындау Ақмола облысы тұрғындарының және жалпы еліміздің әл-ауқатының артуына септігін тигізеді", – дейді облыс әкімі.