Ақмола облысының бюджетiне өзгерiс енгiзiлдi

910

Ақмола облысының бюджетiне өзгерiс енгiзiлдi

Бүгiн облыс әкiмi Мәлiк Мырзалиннiң қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс 26-сессиясында өңiр бюджетiне өзгерiстер енгiзiлдi, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану үшiн бюджеттiк бағдарламаларға оларды қайта бөлу арқылы өзгерiстер енгiзiлгенiн хабарлады. Әрекеттегi проблемалық мәселелердiң басымдықтарын ескере отырып, бұл қаражат инженерлiк инфрақұрылымды салуға, жылу маусымының бiрқалыпты өтуiне және әлеуметтiк саланың одан әрi дамуына бағытталды.

Депутаттар бiр ауыздан бюджеттi нақтылау туралы шешiм қабылдады. Сонымен қатар, мәслихат сессиясында облыс әкiмдiгi жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарға өзгерiстер енгiзу және Ақмола облысының басқару схемасын бекiту туралы 8 шешiм қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу