Ақмола облысының бюджетінен 14,4 млн теңге бөлінді

1083

Қаражат жеңіс күні қарсаңында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан  майдангерлерге беріледі. 

Ақмола облысының бюджетінен 14,4 млн теңге бөлінді

Бүгінгі бейбіт өмір үшін кеудесін оққа төсеген азаматтар 1 млн теңгеден бір реттік жәрдемақы алады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Қали Ахметовтің айтуынша, облыс аумағында екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 20 ардагер бар. 372 ақмолалыққа жеңілдікпен ұлы отан соғысының ардагері мәртебесі берілген.

"Соғыс ардагері мәртебесі берілген азаматтардың арасында Ленинград блокадасында болған 3 адам, 22 концлагерь тұтқыны бар", – деді Қали Ахметов. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу