Ақмола облысының диқандары күзгі астық жинау науқанына кірісті

154

Биыл орақ 5,4 млн гектар алқапқа түседі.

Ақмола облысының диқандары күзгі астық жинау науқанына кірісті Фото: inbusiness.kz

Ақмола облысының диқандары күзгі астық жинауға кірісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс басшысы Марат Ахметжанов бүгінгі таңда ең маңызды міндет егін жинауды тиісті деңгейде жүргізу екенін, оған облыс пен жалпы ел халқының азық-түлік қауіпсіздігі мен әл-ауқаты тікелей байланысты екенін атап өтті.

"Егін орағы — республика бойынша тиісті ресурстарды талап ететін ең ірі әрі ең маңызды науқан. Баршамыз егіннің сапасы мен көлеміне әсер етуі мүмкін кез келген кідірістер мен мәселелерді болдырмау үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек", — деді өңір басшысы.

Биыл өңірде барлығы 4,7 млн гектар алқапта дәнді және дәнді бұршақ дақылдарын жинау жоспарланған.

Сонымен бірге, 268,6 мың майлы дақыл, 421 мың гектарда жемшөп бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу