Ақмола облысының екі тұрғыны жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асатын алимент берешегін жинақтаған

349

Екеуі де қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Ақмола облысының екі тұрғыны жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асатын алимент берешегін жинақтаған Фото: inbusiness.kz

Алимент төлемегені туралы полицияға өтініштер борышкерлердің бұрынғы әйелдерінен түскен. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші жағдайда 32 жастағы ер адамның 2011 жылы туған ұлын асырау бойынша жалпы қарыз сомасы 2 миллион 138 мың теңгені құрады. Арызданушының айтуы бойынша, тағы бір Ақмола тұрғыны 2020 жылдан бері кәмелетке толмаған қызын асырау үшін алимент төлемеген, ал қарызы 1 миллион 138 мың теңгені құраған.

Екі факті де Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу