Ақмола облысында алдағы тәулікте екпінді жел соғып, қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Осыған байланысты құтқарушылар облыс тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Алдағы тәулікте жел соғып, қар аралас жаңбыр жауады. Соған байланысты Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті сіздерден автокөлікпен ұзақ сапарларға шығудан бас тартуыңызды сұрайды. Елді мекендерден тыс сапарды жоспарлау кезінде синоптиктердің болжамын тыңдаңыз, құтқару қызметінің SMS хабарламаларына құлақ асыңыз. Автожолдардың жабылуы немесе ашылуы туралы "Дәрмен" мобильді қосымшасынан біле аласыз немесе 14-03 нөмірі бойынша "Қазавтожол" орталығына хабарласыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз", – делінген хабарламада.