Дулат Нұрмолдин 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мәскеу қазіргі заманғы гуманитарлық институтын, Омбы мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын және Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетін бітірген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 28 жылды құрайды
Еңбек жолын 1984 жылы СҚО, Ленин ауданы, "Образцовый" совхозының машина паркінде жұмысшы болып бастады. 1990 жылдан 1992 жылға дейін Алматы қаласында "Казводпромстройматериалы" КСМ ЦЦО 3 разрядты ілмектеуші болып жұмыс істеді. 1993 жылғы тамыздан бастап әртүрлі лауазымдарда, оның ішінде Петропавл қаласы бойынша салық инспекциясының басшылық лауазымдарында болды.
2008 жылдың мамыр айынан 2010 жылдың қыркүйек айына дейін ОҚО, Шымкент қаласы, ОҚО бойынша Салық комитетінің Салық департаментінің бастығы.
2010 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Ақмола облысы бойынша Салық департаментінің басшысы қызметін атқарды.
2014 жылғы қарашада Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2015 жылғы тамызда Ақмола облысы мәслихатының хатшысы, 2019 жылдың мамыр айынан бастап Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болды.