Ақмола облысының өзен-көлдерінде су деңгейі көтеріліп келеді

1332

Ақмола облысының өзен-көлдерінде су деңгейі көтеріліп келеді

Синоптиктер 13-15 сәуір аралығында аймақта су тасу қаупі күшейеді деп дабыл қағып жатыр. Қазірдің өзінде Атбасар қаласындағы Жабай өзеніндегі су гидрологиялық есеп бойынша қауіпті деңгейге жақындаған, деп хабарлайды 24.kz.

Бүгін таңғы 8-дегі өлшем 640 сантиметрді көрсетіп тұр. Ал қауіпті деңгейдің көрсеткіші  6,5 метр. Былтыр бұл көрсеткіш 9 метрден асқан кезде жағалаудағы бөгет бұзылып, қаланың шеткі аумағын су басқан болатын.

Ал, Жабайға құятын Жыланды өзенінде мұз әлі сіресіп тұр. Сең бұзылып, мұз ери бастаса қауіптің үдей түсері анық. Мамандар "таяу арада өңірдегі өзге өзендерде ДЕ су деңгейі көтеріледі" деп отыр.

"Қалқұтан өзенінде де су деңгейінің көтерілу қаупі сақталып отыр. Ал ол Есіл өзеніне құяды. Сондықтан Есілден де қатер төнуі мүмкін. Нұра өзенінде де сондай жағдай. Ал алдағы он күн жауын-шашынды болатынын ескерсек, бұл жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін", - дейді "Қазгидромет" РМК облыстық филиалы бөлімінің жетекшісі Нұрсағат Тасболатов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу