Мұзды жару жұмыстары мұзды босатуға және жергілікті тұрғындар үшін көктемгі су тасқынын қауіпсіз өткізуге көмектеседі.
Айта кетейік, облыс аумағында су тасқынының екінші кезеңінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10-16 наурызы аралығында Атбасар, Целиноград, Аршалы, Сандықтау, Ерейментау, Астрахан, Есіл, Шортанды, Бұланды, Қорғалжын аудандарында жалпы ауданы 23,6 мың м2 мұз қабатын әлсірету бойынша жұмыстар жүргізілді.
Сондай-ақ, 30 наурыз бен 1 сәуір аралығында Ерейментау, Шортанды және Астрахан аудандарында мұз кептелістерін жою бойынша жарылыс жұмыстарының екінші кезеңі өткізілді.
Жалпы, облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы облыстық және өңірлік су тасқынына қарсы штабтардың тәулік бойы бақылауында.