Ақмола облысының өзендерінде мұз жару жұмыстарының екінші кезеңі өтті

516

29 наурыз бен 9 сәуір аралығында Ақмола облысының аумағында мұз кептелістерін жоюдың екінші кезеңі өткізілді.

Ақмола облысының өзендерінде мұз жару жұмыстарының екінші кезеңі өтті Фото: baq.kz

Мұзды жару жұмыстары мұзды босатуға және көктемгі су тасқынын жергілікті тұрғындар үшін қауіпсіз етуге көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ерейментау, Шортанды, Атбасар, Целиноград, Бұланды, Астрахан және Сандықтау аудандарында көктемгі су тасқыны кезеңінде тасқын сулардың апатсыз өтуіне ықпал ететін осы алдын алу іс-шарасының екінші кезеңін өткізу барысында 7 ауданда барлығы 5000 кг-нан астам жарылғыш заттар жұмсалды", делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, облыс аумағында су тасқынының екінші кезеңінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 10-16 наурызы аралығында Атбасар, Целиноград, Аршалы, Сандықтау, Ерейментау, Астрахан, Есіл, Шортанды, Бұланды, Қорғалжын аудандарында жалпы ауданы 23,616 м2 мұз қабатын әлсірету бойынша жұмыстар жүргізілді.  

Жалпы, облыс аумағындағы су тасқыны жағдайы облыстық және өңірлік су тасқынына қарсы штабтардың тәулік бойы бақылауында. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу