Ақмола облысының өзендерінде мұзды жару жұмыстары жалғасуда

584

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақмола облысының өзендерінде мұзды жару жұмыстары жалғасуда Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысының өзендерінде мұз кептелістерін жою бойынша жару жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Ерейментау ауданы Еркеншілік ауылының маңындағы Қарасу өзенінде және Шортанды ауданы Пригородное және Октябрьское ауылдарының маңындағы Колутон өзенінде үлкен мұз блоктары жарылған.

"Жұмыстың жалпы ауданы – 1100 шаршы метр. 200 келіге жуық жарылғыш зат жұмсалды. Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген қар суы мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Өңірдегі су тасқыны жағдайы облыстық және өңірлік су тасқынына қарсы жедел штабтардың бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу