Ақмола облысының прокуратурасы мектептердегі өрескел заң бұзушылықтарды анықтады

333

Алдын-ала тексеру нәтижелері бірқатар елеулі құқықбұзушылықтарды көрсетті. 

Ақмола облысының прокуратурасы мектептердегі өрескел заң бұзушылықтарды анықтады Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Ақмола облысының прокуратурасы облыс мектептерінде кешенді тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тексеру басталғаннан бері санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың, қауіпсіздік саласында, құрылыс және басқа да салаларда 200-ден астам бұзушылықтар анықталды.

Сондай-ақ, мектептерге денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдар жұмысқа қабылданған.

Ауыл мектептері бірінің жертөлесінде оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жауынгерлік қару-жарақпен оқу атыстары жүргізілген.

Бұдан бөлек, жоғары сынып оқушыларының кіші сыныптарға қатысты буллинг фактілері тіркелді, ал оны бастаған балалар есепке алынды.

Сонымен қатар, 40 мектепте педагогтар біліктілік талаптарына сай келмейді.

Айта кету керек, бірқатар мектептерде жалақы жұмысқа жалған орналастырылған жұмысшылардың шотына аударылған, және олардың ақшасы мектеп әкімшілігіне арналған болатын.

Мәселен, қалалық мектептердің біріне директордың орынбасарының туысы ресми түрде жұмысқа қабылданған, ал директордың орынбасары оның жалақысын ай сайын алып отырған.

Қазіргі таңда, білім беру саласында қадағалау актілері бойынша 41 тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Соның ішінде, жымқыру, құжаттарды қолдан жасау және басқа да фактілер бойынша 19 сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу