Ақмола облысының Сандықтау ауданында 65 үйді су алды

1306

Ақмола облысының Сандықтау ауданында 65 үйді су алды

Ақмола облысының Сандықтау ауданында 65 үйді су басып, 180-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Ақмола облыстық ТЖД қызметкері Думан Дəлешовтің айтуына қарағанда осы күні құтарушылар Атбасар, Аршалы және Сандықтау аудандарында су тасқынымен  күресуде. "Қазір кезде, өңірде су тасқыны қауіпті шегіне жетті.  Атбасар мен Аршалы ауданындарында жағдай тұрақты.  Ал, Сандықтау ауданында жағдай күрделене түсті.  Бүгін түске дейін Сандықтау ауылында 50 үйді су басып, 146 адам қауіпсіз жерге көшірілсе, Балкашин ауылында 15 үй суда қалып, 30 адам (оның 3 баланы) құтқарылды", – деп түсіндірді Д.Дəлешов.

Сонымен қатар, ол Сандықтау ауылында тұрғындарға су тасқынының қаупі туралы ескерту барысында жергілікті полицияның учаскелік инспекторы тұрғын үйлердің бірінен 1958 жылы туған əйел адамның мүрдесін тапқанын атап өтті. Əйелдің өліміне су тасқынының еш қатысы жоқ. Алдын ала болжам бойынша өлімге жүрек қан тамырлары ауруы себеп болған көрінеді. Ал, Аршалы ауданындағы 42 раъезде 10 үйдің ауласына су кіріп, тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген. Аталған аудандарға Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин өзі барып, су тасқынына қарсы шараларды бақылауға алған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу