Ақмола облысының Талапкер ауылында жаңа қосалқы станция iске қосылды

1315

Ақмола облысының Талапкер ауылында жаңа қосалқы станция iске қосылды

Электрмен жабдықтаудың жаңа 110/35/10 кВ қосалқы станция қазiргi замаңғы технологиялық құралдармен жабдықталған. Қазiргi кезде қосалқы станция тестiлiк режимде 72 сағат бойы жұмыс iстейдi. Сынақтан өткеннен соң электрмен жабдықтау желiлерi кезең кезеңiмен қосылатын болады. Бiрiншi кезекте, жарықсыз отырған 70 үй орталықтандырылған электржелiсiмен қамту подстанциясына қосылады.

Айта кетейiк, аталған жоба Астана қаласы маңындағы елдiмекендердi дамытудың кешендiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылып отыр. Жобаның жалпы құны шамамен 3 миллиард теңгенi құрайды. Жаңа қосалқы станцияға 5 мыңнан астам абоненттi қосуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу