Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға 23 миллион теңге аударып жіберген

117

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, ақша аударылған есепшоттардың иелері анықталып жатыр. 

Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға 23 миллион теңге аударып жіберген Фото: Төрттаған

Көкшетау тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, белгісіз біреу 58 жастағы әйелге телефон соғып, өзін оның директорымын деп таныстырған. Ер адам Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне көмек көрсету керектігін айтқан.

Кейін әйелге "департамент қызметкерлері" хабарласып, оны заңсыз қаржылық операцияларға қатысыңыз бар деп айыптап, "қылмыстық схеманы ашу" үшін ынтымақтасуға көндіреді. Алданған әйел бірнеше рет кредит алып, депозитте жинаған ақшасын алып, алаяқтарға жалпы сомасы 23,6 миллион теңге аударған.

"Белгіленген схема бойынша жәбірленушімен жалған қызметкерлер хабарласып, оны заңсыз ұйымдарды қолдау үшін ақша аударғансыз деп қорқытып, алаяқтарды әшкерелеу үшін бірлесіп жұмыс істеуге көндірген", – деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.

Полицейлер азаматтарға өзін таныс, туыс, әріптес ретінде таныстырса да, бейтаныс тұлғалардың күмәнді бұйрығын орындамау керектігін ескертіп, сақ болуға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу