Полицияның мәліметінше, 2024 жылдың 21 желтоқсанында Қосшы қаласының тұрғыны Google-ге инвестиция салу туралы жарнаманы көріп, өтініш қалдырған. Жарты сағаттан кейін оған "менеджер" хабарласып, валюта айырбастау үшін ksp-invsts.com сайтына сілтеме жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Платформаның жұмысын шағын аудармамен тексергеннен кейін ер адам оның сенімділігіне сеніп, 100 мың теңге инвестициялады. Кейінірек онымен үлкен мәмілелер ұсынатын "трейдер" әйел байланысты.
"22 желтоқсанда ол 1 млн 600 мың теңге салып, көп ұзамай 140 мың долларлық "пайданы" көрді. Алайда, ақшаны алу мүмкін болмаған – қолдау қызметі "сақтандыруға" қосымша ақша салу керек деп мәлімдеді. Ер адам қарыз алып, ақша салған, алайда одан әрі жаңа талаптар келді: "операциялар тізбегіндегі қатені" түзету, "салық кодын" төлеу және жеке кабинеттің "құлпын ашу". Нәтижесінде ол бірнеше рет қарыз алып, оны алаяқтарға аударан. Шығын сомасы 11 млн теңгеге жеткенде, ақмолалықтың аккаунты бұғатталды", – деді полиция.