Ақмола облысының тұрғыны кәріз жүйесіне құлап, мерт болды

468

Марқұм 66 жаста болған.

Ақмола облысының тұрғыны кәріз жүйесіне құлап, мерт болды Фото: polisia.kz

Ақмола облысының тұрғыны кәріз жүйесіне құлап, мерт болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 тамыз Шортанды ауданындағы елді мекендердің бірінде 66 жастағы тұрғын кәріз жүйесіне құлап кетіп, көз жұмды. Жазатайым оқиға түнгі уақытта, үйдің ауласында болған.

Қарт адам туыстарына қонаққа келгені белгілі болды. Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу