Ақмола өңірінде жылу қазандықтары зиянсыз сұйық отынға көше бастады

976

Жаңа отын түрі экологиялық жағынан ғана емес, экономикалық тұрғыдан да өте тиімді екен. Мәселен, қазірдің өзінде мазут 20 пайызға үнемделген.

Ақмола өңірінде жылу қазандықтары зиянсыз сұйық отынға көше бастады

Бурабай ауданының орталығындағы жылу қазандықтарының барлығы су-мазут эмульсиясын жағуға көшті, деп хабарлайды 24.kz.

Қоршаған ортаға зиянсыз сұйық отын өндіріске алғаш рет енгізіліп отыр. Тың жобаны осыдан бірнеше жыл бұрын Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінің ғалымдары ұсынған болатын.

Жаңа отын түрі экологиялық жағынан ғана емес, экономикалық тұрғыдан да өте тиімді екен. Мәселен, қазірдің өзінде мазут 20 пайызға үнемделген.

Қазір Щучье-Бурабай курортты аумағындағы 8 жылу қазандығы осы жүйемен жұмыс істеп тұр.

"Қондырғы көрсеткендей, біз жылына 18 мың тонна мазут жаққанда ауаға таралатын зиянды заттар 1 жарым мың тоннаға дейін жететін. Ал қазір бұл көрсеткіш 50 процентке азайды. Келешекте бұл жүйені әлі де жетілдіре түсетін боламыз", – дейді жылу мекемесінің директоры Қазақстан Ыдырысов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу