Ақмола полицейлері Әзірбайжан азаматына төрт сағаттан аса уақыт бойы жәрдем берді

414

1 қаңтарда Қостанай - Әулиекөл - Сурған автожолында құтқару операциясы жүргізілді.  

Ақмола полицейлері Әзірбайжан азаматына төрт сағаттан аса уақыт бойы жәрдем берді  Фото: polisia.kz

Аға лейтенант Санжар Қожеғұлов пен лейтенант Иван Захаров құрамындағы "Тұлпар-16" экипажы трассаны патрульдеу кезінде көмек туралы сигнал алды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметтер бойынша, жолда 20 тоннадан астам жасымық тасымалдаған Әзірбайжан азаматы қиын жағдайға тап болды. Жүргізуші басқаруды жеңе алмай, ауыр жүгі бар көлікпен жол жиегіне түсіп өздігінен шыға алмаған.

Содан соң, шетел азаматының түсіндірмелерін тыңдағаннан кейін инспекторлар құтқару операциясына кірісті. Полиция қызметкерлері қажетті құрылғылары бар басқа да арнайы мамандардың көмегімен жол жиегіне фураны алып шықты. Бұл ретте олар басқа көлік құралдары үшін қозғалыс қауіпсіздігін және жүктің сақталуын қамтамасыз етті.

Өз жолын әрі қарай жалғастырмас бұрын жүргізуші Сархан Мамадов полицейлерге және құтқару операциясына қатысқан барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу