Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты

321

Сондай-ақ, оның 4 патронын тапты

Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты Фото: Polisia.kz

"19 шілдеде Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бурабай ауданының орман алқабында “Учаске” ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қонақ үйлердің бірінің жанынан маркасы мен нөмірі жоқ бір оқпанды мылтықтың кесіндісін, сондай-ақ оның 4 патронын тапты", делінген хабарламада.

Табылған қару мен патрондарға қатысы бар болуы мүмкін адам анықталды. Қазіргі таңда өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

Аталған дерекке қатысты Ақмола облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу