Көкшетауда "Aкmola Power" атты облыстық жастардың инновациялық идеялар байқауы өтті, деп хабарлайды khabar.kz.
Оған бас-аяғы 60 шақты жоба қатысты. Олар энергетика, IT технологиялар, ауылшаруашылығы және экология саласы бойынша ұсынылған.
"Ал байқаудан үздік шыққан жобаларға жергілікті ірі кәсіпорындар қолдау білдіріп, грант бөлуі мүмкін", – дейді ұйымдастырушылар. Себебі үздік жобаларды жүзеге асыруға әзірге ешқандай арнайы бюджет қарастырылмаған.
Одан бөлек, аймақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы да балаларға грант алу жолдарын көрсетеді. Дегенмен қатысушыларды ынталандыру үшін биыл жүлде қоры біршама қомақты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу