Ақмола прокурорлары 27 млн теңгеден астам бюджет қаражатының заңсыз бөлінгенін анықтады

380

Лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Ақмола прокурорлары 27 млн теңгеден астам бюджет қаражатының заңсыз бөлінгенін анықтады Фото: Inbusiness.kz

Есіл ауданының прокуратурасы мектепті күрделі жөндеуді тексеру барысында орындалған жұмыстар актілеріне заңсыз қол қоюды және орындалмаған елеулі жұмыс көлемі үшін бюджет қаражатынан жалпы сомасы 27 млн.теңгеден астам ақы төлеуді анықтады.

Мердігер жасасқан келісім-шарттың талаптарын орындамаған, терезе орнату, мектеп шатырын жабу және т.б айтарлықтай жұмыс көлемі орындалмай қалған, соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмады.

Прокурорлық ден қою шараларымен мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындамағаны үшін 1 380 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиясынан айыра отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі).

Қабылданған шаралардың нәтижесінде объектіде жұмыстар белсенді басталып,  жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу