Ақмола облысында тұрғын 5 млн теңге грант аламын деп алаяқтарға 2 млн теңгесін аударған

307

Жәбірленуші ақшаны белгісіз шоттарға аударған.

Ақмола облысында тұрғын 5 млн теңге грант аламын деп алаяқтарға 2 млн теңгесін аударған Фото: news.ru

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында мал шаруашылығын дамытуға 5 миллион теңге қайтарымсыз қаржы алмақ болған тұрғын интернет-алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол 2 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады.

Полиция мәліметінше, 25 қыркүйекте әйел Instagram желісінен мал шаруашылығын дамытуға 5 миллион теңге көлемінде қайтарымсыз қаржы беру туралы хабарландыру көрген. Ұсынысқа қызығушылық танытып, тіркелгеннен кейін онымен өзін қаржылық кеңесші ретінде таныстырған әйел байланысқа шыққан.

Ол уәде етілген ақшаны алу үшін банктік қосымша арқылы 2 миллион теңгеге тауарлық несие рәсімдеу қажет екенін айтқан. Қарызды кейін қайтаруға уәде берген. Сеніп қалған тұрғын несие алып, ақшаны белгісіз адамдардың банк шоттарына аударған.

Алайда уәде етілген қаржыны ала алмаған әйел 2 миллион теңгеден астам шығынға ұшырады. Қазір осы факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Полиция әлеуметтік желілердегі күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге, бейтаныс адамдардың нұсқауымен несие рәсімдемеуге және белгісіз шоттарға ақша аудармауға шақырады. Қаржылық ұсыныстың шынайылығын ресми дереккөздер арқылы тексеру қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу