Щучинск қаласының 47 жастағы тұрғыны Lada Lurgus автокөлігінен белгісіз біреу еркін қол жеткізу арқылы 15 мың теңге сомасында ақшалай қаражаты бар әмиян ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Өтініш беруші көліктің салонын жуу кезінде әмиянды көліктің үстіне қойған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Үй-жайда орнатылған бейнебақылау камералары қаскөйді анықтап табуға септігін тигізді.
Ол Щучинск қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу