Ақмола облысы Сандықтау ауданының полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, оның құрбаны 55 жастағы жергілікті тұрғын.
– Белгісіз адамның қоңырауынан кейін ер адам ұялы телефонына қосымша орнатып, келесі күні депозитте сақталған 5 000 000 теңгеден айырылып қалды. Бұл ретте өтініш беруші қандай да бір кодтарды, жеке деректерді немесе банктік шоттарды ешкімге айтпаған, сондай-ақ ақша аудармаған, – делінген полиция хабарламасында.
Ауыл тұрғыны өзін Ұлттық банктің қызметкерлері болып таныстырған белгісіз адамдардан қоңырау түскенін айтқан. Олар ер адамды ақшаны бір банктің депозитінен екіншісіне аударуға көндірген.
Кейіннен ақмолалық депозитін тексергенде, ол 2,5 млн теңгеден екі транзакциямен 5 000 000 теңге үшінші тұлғаның шоттарына аударылғанын білген.