Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі табылды

348

Сонымен қатар тінту кезінде салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары табылды.

Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі табылды Фото: Ашық дереккөзден

Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шілде айының басында "Қарасора-2023" ЖПІШ өткізу кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталған. Оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 кг 324 гр кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 гр екі гашиш түйіні тәркіленді.

Сонымен қатар тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды.

Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған.

ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі "Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу