Ақмола және Қарағанды облыстарында жол жабылды

861

Ақмола және Қарағанды облыстарында жол жабылды

Қазіргі уақытта Ақмола және Қарағанды облыстары аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Қазақавтожол" РМК-ның мәліметіне қарағанда, боранға байланысты "Астана-Петропавл" жолының 18-231 шақырымындағы Астана мен Бурабай аралығында көлік қозғалысы шектелді.

Бұдан бөлек, "Екатеринбор-Алматы" жолының бойындағы Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан бастап елорданың іргесіндегі Қажымұқан ауылы учаскесіне дейін жол жабылды. Сонымен қатар осы жолдың бойындағы Астана мен Теміртау қаласының арасындағы учаскеде де көліктердің жолға шығуына тыйым салынған. Мұнымен қоса, "Астана-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау" автожолының 16-51 шақырымындағы Астана мен Қарағанды облысы шекарасына дейінгі учаскеде көлік қозғалысына шектеу бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу