Ақмола және Қостанай облыстарында боранға байланысты бірнеше жол жабылды

459

Қостанай және Ақмола өңірінде бірқатар тасжолдардакөлік жүруіне тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Ақмола және Қостанай облыстарында боранға байланысты бірнеше жол жабылды Фото: inform.kz

"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметінше, Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты көріну шектеліп, Әулиекөл кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түріне қозғалысқа шектеу енгізілген.

Ақмола облысында көрінудің нашарлауына байланысты жабылған тасжолдар:

  1. "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тасжолының Қостанай өңірі шекарасынан Сұрған кентіне дейінгі аралығы;
  2. "Жақсы-Есіл-Бузулук" тасжолының Есіл қаласынан Бузулук ауылына дейін;
  3. "Жезқазған-Петропавл" тасжолының Бузулук ауылынан Сұрған кентіне дейінгі аралығы.

Республикалық жолдар желісінде қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын атқару үшін 200 арнайы техника жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу