Ақмолада 17,5 мың студент бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білім алуда

1195

Ақмола облысында 22 мыңға жуық студент техникалық және кәсіптік білім алуда, оның 17,5 мыңы бюджет есебінен оқып жатыр, деп хабарлайлы облыстық білім басқармасы.  

Ақмолада 17,5 мың студент бюджет есебінен техникалық және кәсіптік білім алуда

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында техникалық мамандықтарды дамытуға ерекше мән берілуде.

"Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі 32 колледжден тұрады. Олардың 26-сы мемлекеттік және 6-уы жекеменшік. Мұндағы студенттер контингенті 22 мыңға жуық, оның 17,5 мың немесе 80 пайызы бюджет қаражаты есебінен оқиды", – деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Білім басқармасы мамандарының айтуынша, жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі өңірдің еңбек нарығындағы сұраныс бойынша анықталады.

"Кадрларды даярлау еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, 97 мамандық және 165 біліктілік бойынша экономиканың 10 саласы арқылы жүргізіледі. Студенттердің 44 пайызы дәнекерлеу ісі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, дәнекерлеуші, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, электр жабдықтары, электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, электрмен жабдықтау, маркшейдерлік іс, пайдалы қазбаларды байыту (кен байыту), жылу электр станцияларының жылу энергетикалық қондырғылары, пайдалы қазбалар кен орындарын ашық игеру, машина жасау технологиясы, машиналар мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету, сәулет, автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану, темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану тәрізді инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы мамандықтары бойынша білім алуда", – деді ведомстводан.

Осы ретте, мемлекеттік тапсырыс құрылымында білім берудің техникалық және кәсіптік білім беру және орта білімнен кейінгі білім беру (қолданбалы бакалавриат) тәрізді екі деңгейі бөлінген. Қолданбалы бакалавриат шеңберінде техникалық бағыт бойынша кадрларды даярлау машина жасау технологиясының қолданбалы бакалавры, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, автомобиль жолдары мен әуеайлақтарды салу және пайдалану тәрізді мамандықтар бойынша жүргізіледі.

2021-2022 оқу жылына инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бюджеттік орындардың 49 пайызы жүргізілді. Дуальды оқытуға көбірек тартылған 440 кәсіпорын. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын және дуальді оқытумен қамтылған студенттердің үлесі 22 пайызды құрайды. Негізгі әлеуметтік серіктестер ретінде "Степногор" Еуропалық подшипник корпорациясы" АҚ, "Тыныс" АҚ, "Қазақалтын" тау-кен металлургия комбинаты" АҚ, "Ст Агро" ЖШС, "НОВОПЭК" ЖШС, "Көкшетау жолдары" ЖШС, "РегионСтрой" ЖШС, "Алтыналмас" АҚ, "Степногор энергокешені" ЖШС, "Степногор Теплотранзит" ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар үлес қосуда", – деді толықтырды ведомстводан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу