Ақмолада 18 жастағы ұры бейнекамераға түсіп қалды

1090

Ақмолада 18 жастағы ұры бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Ақмолада 18 жастағы ұры бейнекамераға түсіп қалды

Қосшы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жергілікті кәсіпкердің өтініші бойынша ұрлық ашты. 29 қаңтарда ұялы телефон аксессуарлары бутигінен ұялы телефондардың аксессуарлары, зарядтау құрылғылары мен 24 SIM-карта ұрланғаны анықталды. Шығын сомасы 46 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Қосшы қаласының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Заттай дәлелдемелер алынды.

Қосшы ПБ тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сонымен қатар жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Ақкөл қаласының 35 жастағы тұрғынынан ішкі істер органдарында тіркелмеген ұңғысы 7.62 мм калибрден қайта жасалған 16 калибрлі "ИЖ-К" маркалы тегіс, бір ұңғылы мылтықты тәркіледі. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу