Ақмолада 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік дүкенді тонағандар анықталды

493

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақмолада 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік дүкенді тонағандар анықталды Фото: polisia.kz

Криминалдық полиция басқармасы мен Степногорск қаласы полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонау дерегін анықтады.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 1 мамырында белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу