Ақмолада 3 күн бұрын жоғалған азаматтың денесі табылды

170

Қылмыстық іс қозғалды.

Ақмолада 3 күн бұрын жоғалған азаматтың денесі табылды Фото: freepik.com

Жақсы ауданындағы Қима ауылының 42 жастағы тұрғынын үш күн бойы іздеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам 30 қарашада үйінен шығып кеткен, сол уақыттан бері оның қайда екені белгісіз болған. Іздестіру жұмыстарын полиция қызметкерлері, еріктілер және туыстары жүргізді.

– Із-түссіз жоғалып кеткен Қима ауылының 1983 жылы туған тұрғынын іздестіру барысында оның денесі Есіл өзенінің жағасынан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша өлімге суға бату кезінде тыныс алу жолының сумен бітелуі салдарынан тұншығу себеп болған, – деп хабарлады ведомство.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу