"Сыйлыққа келген ойыншық": 39 магнит жұтқан баланың анасы не болғанын айтып берді

646

Ақмола облысы Зеренді ауданының орталығында 4 жасар бүлдіршін 39 дөңгелек магнит жұтып қойған.

"Сыйлыққа келген ойыншық": 39 магнит жұтқан баланың анасы не болғанын айтып берді Фото: sputnik.kz

Баланы аман алып қалу үшін бірнеше хирург 5 сағат ота жасады. Баланың жағдайы туралы дәрігерлер мен анасы Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

4 жасар Даниэльдің анасы дәрігерлерге баласының іші ауыратынын айтқан. Жүрегі айнып, құсқан. Баланың іші кеуіп, екі күн бойы мазасы әбден кеткен.

"Анасының айтуынша, бала мереке күндері жеміс-жидекті көп жеген. Бала содан да ауырған болар деді. Бүлдіршіннің жағдайы біртіндеп нашарлаған. Ауруханаға келгенде жағдайы орташа ауыр болды. Баланың ішін басып тексергенде ауырсынды", – дейді Зеренді аудандық ауруханасының дәрігерлері.

Баланың іш-құрылысын рентгенге түсіргенде дөңгелек пішінді заттар анықталған.

"Балаға "асқазан-ішек жолдарында бөгде заттар бар. Жедел обструкциялық ішек өтімсіздігі" деп диагноз қойылды. Біз дереу реанимобильді түрде Көкшетауға жібердік", – дейді дәрігерлер.

Айналасы үш күнде магнит баланың ішек жолдарын зақымдап жіберген.

"Біз бұл ойыншықты сатып алмадық, сыйлыққа келген ойыншық еді. Барлық аналарға айтарым, ешқашан бұл ойыншықты алмаңыздар. Кішкентай бала емес үлкендер үшін де қауіпті. Қазір ұлым біртіндеп жақсарып келеді. Дәрігерлеге алғыстан басқа айтарым жоқ", – дейді анасы Наталья.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу