"Денесінен соққы іздері анықталды": Ақмола облысында полиция 5 жасар баланы иен даладан тапты

842

Қазір бүлдіршін дәрігерлердің бақылауында.  

"Денесінен соққы іздері анықталды": Ақмола облысында полиция 5 жасар баланы иен даладан тапты Фото: koleso.kz

17 маусымда Астрахан ауданында 2021 жылы туған бала елді мекеннен жырақта табылды. Иен далада кешкі уақытта жалғыз жүрген 5 жасар балақайдың денесінен түрлі жарақаттар мен соққы іздері анықталды. Оны аяусыз соққыға жықты деген күдікпен баланың әкесінің ағасы күдікті ретінде танылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, балаға дене жарақатын әкесінің туған ағасы келтірген болуы мүмкін. Тергеу барысында ата-анасы айтқан нұсқалар да назардан тыс қалмайды.

– Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша екі бірдей қылмыстық іс тергелуде. Оның бірі – кәмелетке толмаған баланы азаптау фактісі болса, екіншісі – баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау дерегі бойынша қозғалған, – деді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полиция өкілдері кәмелетке толмаған баланың қатысуымен жүргізілген барлық тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес жүзеге асырылғанын мәлімдеді.

Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу