Ақмолада 845 адам мен 556 көлік қар құрсауынан шығарылды

796

Сондай-ақ, 1391 адам қауіпсіз жерге көшірілді.  

Ақмолада 845 адам мен 556 көлік қар құрсауынан шығарылды

Ақмола облысында жолда қар құрсауында қалған 845 адам және 556 техника құтқарылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, өңірде ақтүтек бораннан жолда қалған адамдар мен көліктерді құтқару жұмысы әлі жалғасуда.

"Соңғы тәуліктің ішінде жолда қар құрсауында қалған 845 адам (оның 92 бала) және 556 техника (3 жедел жәрдем көлігі) құтқарылды. Сондай-ақ, 1391 адам (оның 127-сі - бала) қауіпсіз жерге көшірілді. Жылыну орнына 1212 адам (оның 96-сы - бала) орналастырылды. Ерейментау ауданында - 90 адам, Бурабай ауданында - 107, Атбасар ауданында - 18, Целиноград ауданында - 812, Астрахан ауданында - 4, Сандықтау ауданында - 2, Есіл ауданында - 10, Аршалы ауданында - 3, Қорғалжын ауданында - 115, Шортанды ауданында - 35 және Степногор қаласында- 16 адам жылыну бекетіне жайғасқан. Ал, 1082 адам ол жерлерден шығып кетті", – деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу