Ақмолада адасып қалған саяхатшы құтқарылды

1380

Ақмолада адасып қалған саяхатшы құтқарылды

22 жастағы австралиялық саяхатшы Виллиам Тимоти Бёрнның мотоциклі Ақмола облысының аумағында бұзылып қалған.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 17 қазанда Жақсы ауданы Жақсы ауылының  №13 өрт сөндіру бөліміне белгісіз азамат  Новокиевка ауылының маңында шетел азаматының  мотоциклі сынғанын, оған көмек керек екенін хабарлаған.  

Оқиға орнына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел жеткен.

"Оқиға орнына келгенде, мотоцикл табылды. Оның иесі 1994 жылы туған Австралия азаматы, саяхатшы Виллиам Тимоти Бёрн екені белгілі болды. Ол Астананы беткен алған, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты адасып, мотоциклі сынған", - делінген хабарламада.

Жергілікті "Луч" шаруа қожалығының басшысы Дычок Бёрн мен оның мотоциклін Жақсы ауылының  №13 өрт сөндіру бөліміне жеткізіп берді. Саяхатшының өзін  тамақтандырып, киіндіріп, бөлімде түнеп шығуға қалдырды. №13 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері болса, шетелдіктің мотоциклін жөндеп берді. 
18 қазанда саяхатшы Астанаға аттанып кеткен. 

ҚазАқпарат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу